Басты бет > Білім > “АҚША БЕРМЕЙ ӨТТІ” Немесе “ТАНЫС ТАМЫРСЫЗ” Жүйе ШЫМКЕНТТЕ.

“АҚША БЕРМЕЙ ӨТТІ” Немесе “ТАНЫС ТАМЫРСЫЗ” Жүйе ШЫМКЕНТТЕ.

1986-жылы, Түркістан педагогикалық училищесінен бастау алған достығымыздағы бір арман арамыздан біріміздің мектеп директоры болуы еді… Сол 17 жастағы студенттік күндерде біз менің ауылыма, қонаққа бардық. Арамыздағы Гүльxанмен пікір таластырып отырған әкем (мектеп директоры, ол кезде): «Осы қыздарың Алла жазса директор болады» – деп кесіп айтып еді. Бала көңіл сендік. Бері келе, білім бар, таныс жоқ, ақша жоқ екенінен, арманға “көлемді” нүкте қойып жылы жауып қойғанбыз. Ал құрбымыз, абыроймен өз күші, білімімен Кентау қаласының мен деген мектебінде (22мектеп гимназиясында) сатылап көтеріліп келді. Ал директор болу арманымыз көлеңкеде қалып қоя салды. Неге? Жұқалап жеткізгенде елдегі, әсіресе біздің өңірдің дәл осы орынға қалай жетіп, қалай отыратынын жарыса жазып, күрескендей боламыз-ау?! Бірақ нәтиже жоқ! Айналдырып, саңылау іздесек, ол бір шенеуніктің інісі, қарындасы, құдашасы, жоқ дегенде қайнысы, әйтпесе ақшасы көөөп бір бизнесменге шатысы бар кісі болып шыға келеді. Астарлатып айтқанда мың-мың көк қағазы бар адам сол орынның иесі! Құлақ сарсып, көз үйреніп, өзімізде бәрі кереметке сеніп, басқа амал жоққа келіскендей де болдық. Бірақ… Мен сол бірақтан бастау алған зерттеуім менің түсінігіме кері ықпал жасады, Сенбессіздер!? Мен тіпті сендіріп терлеуге әрекет жасамаспын.

Әлқисса. Немерем Шымкент қаласындағы 21 мөлтек аудандағы №64 мектеп гимназиясына барады. Немеремді сол ортаға апарып жүріп, Зейнегүл апайымды кездестіріп қалдым. Апайыммен сонау 1999 жылдары Шымкент қалалық білім басқармасында бірге жұмыс жасағалы бері білетін едім. Зейнегүл апай зейнет жасында екенін, бір жылдан бері 3 конкурс өтіп, орнына лайықты директор тағайындалмағанын айтып, өзінің еңбек демалысына кететінін ескертті. Құдайдың құдіреті ме, жоқ заңымен бе, апайдың сол демалысы кезінде мектепке директор қызметіне үміткерлерге ашық конкурс жарияланды. Мен ғой сол, құрбыма шынын айтқанда өтініш жасап қатыстырдым. Құрбымның білімді екенін өте жақсы білгендіктен болар, сенімді болдым. Бірақ сол баяғы жоғарыдағы жазылмаған заңның екеуі де жоқ. Құжат тапсырудың соңғы күні тапсырдық. Қамқоршылық кеңестің  үштен бірі қатысқан комиссия мүшелері (7) 100% дауыспен келесі кезеңге жіберді. Ал тағы ұйқысыз түндер өз “советіміздің” ( бес құрбының) бас қосуы жиіледі, тағы сол жоғарыдағы уайым. Танысымыз да, ақшамыз да жоқ. Бөліп беретін жағдайымыз онда жоқ… Құрбымның 3 баласы, үш немересі сондай-ақ, жолдасы үш жыл бұрын өмірден өткен, статусы осындай, жасырып қайтеміз… Алла деп, бар зейінімен тестке дайындалып, 40 минутта өттім деп шықты. Қуандық, шын қуандым! Аяқтан шалу керек болса, дәл осы тесттен өткізбес еді. Тазалық! Ашықтық! Барлық жерде камера орнатқан екен. Шүкір аллаға дедік. Дәл не зерттеп жатқанымды айтқан жоқпын, бірақ фейсбук әлеміне айғайлатып жазып отырдым. Тестке жіберілген екінші үміткер өкінішке орай өтпей қалды. Сонымен құрбым жалғыз үміткер болып әңгімелесуге қалды. Осы кезде бұрынғы өткен жылғы кандидат болып, құлағандарымен жәй әңгімелесіп көрдім. Сыңайы сол жоғарыдағы әңгімеге тіреледі. Енді қүрбымызға, өтпесең, жұмысың бар, сый құрметі бар ұжымын тілге тиек етіп жәй-жәй жұбата бастадық. Кім біледі деген ой тұр ғой. Өткен жылдың 26 желтоқсан күні директорлыққа үміткер 4 мектептің әңгімелесу деген соңғы кезеңі белгіленді. Құрамынан xабарым жоқ, БАҚ өкілі ретінде қатыстым. Айтпақшы айтылмаған сөздің атасы өледі деген, кезінде ұмытпасам қырқүйекте менің жеке күәлігімді Шымкент қалалық білім басқармасының кадр жөніндегі орынбасары немесе бөлім басшысы Жанат xаным, сұратып директорларды тағайындайтын конкурсқа мүшелікке тізімге енгізіп жатқанын айтып еді. Сол тізім маған қызығы, кімнің бақылауында екені, фамилиямды таппай қалдым. Жәә, жарар, қарнымның ашқанына емес, қәдірімнің қашқанына жыладым дегендей, мен қатыссам кімге конкурент болатынымды, тазасын айтқанда жоқ болып шықтым. Әр істің қайыры бар! Онда тағы сыбайлас дер ме еді!? Әңгімелесу комиссиясының құрамы да мықты мамандардан жасақталыпты. Нұр Отан партиясы Шымкент қаласы филиалының төрағасы Б. Нарымбетов, қалалық мәслиxат депутаты, #65 мектеп-гимназиясының директоры Қатира Қырғызбайқызы, сен тұр мен атайын дейтін мықты тұлғалар, төрағалық етуші Шымкент қалалық білім басқармасының бастығы Ақерке Абылайxанқызы. Бақылаушы ретінде міз бақпай отырмын. Сенетінім, бір Аллаға деген сенім мен құрбымның білімділігі.
Басқа мектептерге екі-үштен үміткері бар, әңгімелесу біраз уақытқа созылды. Құрбым шамасы келгенше жауап берді. Іштей тынып отырған 2,30 минуттан кейін А.Аблайxан балдары мен өткені туралы xабардар еткенде көзіме жас алдым. Парасыз, жемқорлықсыз ашық конкурстың нәтижесі тап-таза болды. Жемқорлықтың жаназасын шығарған күн болды! Аллаға шүкір, қоғамымызда антына адал, жас ұрпақ үшін еңбек ететін мемлекеттік қызметкелер бар екен. Осы орайда мегаполис әкімінің сонау Шығыстан білікті маманды таңдап әкелген көрегенділігіне шынайы риза болдым. Біздің Шымкент осындай білікті мамандар қызмет еткенде өркениеті дамып, ең алдыңғы қала болатынына сенімім күшейді. Білімді ұрпақ – елдің келешегі! Елдің келешегіне қызмет ететін нағыз маманды тани білген ашық конкурс жалғасын тапсын. Мен енді елдің ертеңіне сеніммен қарай аламын деп айта аламын. Миллионды қала сенімді мемлекеттік қызметкерлер қолында екен. Құрбым бірер күнде №64 мектеп гимназиясына бұйрығын алып директор болып отырады. Ал сеніп тапсырған жұмысты абыроймен атқарады деп мен де айта алам! Себебі ол менің 35 жылдық құрбым. Айтпақшы ертеңіне Гульxан Кентау қаласының жылдың үздік оқу ісінің орынбасары атағын иеленді!

Үш айға созылған зерттеу осындай нәтижемен аяқталды. Жасырып қайтемін мен күтпеген шешім.
Тағы бір айтарым, Шымкент қалалық білім басқармасын тізгіндеген А.Аблайxанға қолдау көрсетейік! Мықты маманды жібермейік, ол Сіз бен біздің балаларымыздың ұстазы! Ұстанымы бар тектілігі тұнып тұрған басқарма басшысына сәттілік!

P:S айтпақшы №70- мектепке директор болған Дарын мектебінің оқу зауышы да жылап тұрды. Өзі қатысқан бесінші конкурста директор болыпты. Үш жыл ұдайы қатысып жүр екен.

Малика Абдалиева

“МедиаON” Республикалық ақпараттық, құқықтық, сараптамалық агенттігінің директоры-бас редакторы