Басты бет > Хабар > Ашық xат!

Ашық xат!

75
views

Фото Malika Abdaliewa.Құрметті Жансейіт Қансейітұлы! Өзіңіздің Оңтүстікке әкім болып келгеніңізде ,басқа саланы қайдам ,мұғалімдердің қуанышы өзгеше болды! Себебі, білім саласын жаулап алған парақорлық пен жемқорлыққа толы орданың, білім берудің сапасы бойынша республикадағы төменгі орындағы жағдайды, мұғалім мәртебесін көтеруде, кадр саясатын жолға қоюда , жалпы осы саладағы былықтарға бей-жай қарамас деген сенім еді! Сіз келгелі бір оқу жылы басталып, тіпті аякталып та үлгерді! Алайда, баяғы жартас сол екенін ел біледі! Тіпті ол өрши түсті десем қателеспес едім! Осы салада аптасына бір рет үздіксіз шығып отырған басылым болғандықтан ,эл. почтамызға келіп жатқан арыз- шағымға көз жұмып қарай алмадық. Қолымыздан келгенінше тексеріп, жәрдем беруді азаматтық борышымыз деп санадық. Таң қалатынымыз жұмыс жасайтын маманды аяғынан шалып, мүмкіндік болса көзін құртуды ойлайтындар көп. Дәлел ретінде Сарыағаш ауданы білім бөлімінің басшысының ұсталғанын айтсақ болады.

Мына жазба 1500 ұстаздың жанайқайы, қолдары қойылған, Сенатқа, бір нұсқасы өзінізге жеткен xаттан үзінді: » Мұрат Махановқа батыр атағын берсе тұрарлық азамат. Өзінің туған жері болмаса да Сарыағаш ауданының білім саласын көтеру үшін күресе білді.Күресу бұл тамырлап кеткен ешкімнің күші жетпеген жемқорлықпен күресе білді,мектептердің дербес болуын тек мемлекетке бағынуын қамтамасыз ете білді.Сегіз мыңға жуық аудан ұстаздарын жаңашылдыққа, Елбасының бағдарламаларын орындауда көшбасшылық жасауға қысқа мерзімде дағдыландыра алды. Оның дəлелі кез келген республика көлеміндегі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша өткізіліп жатқан курстарда Сарыағаштық Ұстаздар көшбасшылық танытуда. Осындай білікті,білімді,жаңашыл,əділ,еліміздің ертеңін басқаратын келешек ұрпақ үшін жанын аямай күресе білген басшы болатын! Дəл осылай кете берсе келешегіміз не болмақ! Жаман шəкірт жоқ,ол нашар ұстаздан, жаман ұстаз жоқ,ол нашар басшыдан осыны республикаға дəлелдей алған, көш соңындағы сарыағаштық ұстаздар жаңашылдыққа бейім ,12жылдыққа кезең-кезеңмен көшуге жүз пайыз дайын екендіктерін дəлелдеп келеді. Əрине,бұл ерен еңбек Махановтікі болатын!!!!». Сондай ақ ,Түркістан қаласынан келетін xаттар да, арыз- шағым да жетерлік дәрежеде! Жансейіт Қансейітұлы! Әл-әзірге тілімнің жеткенінше қысқартып жазуға тырыстым. Жеке қабылдауынызға жазылып, бар арыз-шағымды арқалап баруға да дайын екенімді мәлімдеймін. Кезіндегі еліміздің бас ұстазы болған Өзіңізге деген сенім жоғалған жоқ! Құрметпен » Зияткер ОN» облыстық апталық педагогикалық газетінің құрылтайшы -директоры Малика Абдалиева.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *