Басты бет > Жастар > “АУЫЛЫМ – ӨЗЕН ЖАҒАСЫНДА”

“АУЫЛЫМ – ӨЗЕН ЖАҒАСЫНДА”

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасы аясында Ордабасы ауданының жастары
«Ауылым – өзен жағасында» экологиялық сенбілігін өткізді. Ұлтжандылық пен отансүйгіштік қасиеттері осындай іс-шаралар арқылы ұштаса түссе керек. Туған жердің түлеп, гүлденуіне үлесін қоспаққа 200 – дей азамат жиналды. Олар Арыс өзені бойын ретке келтіріп, қоқыстан арылтты. Сонымен қатар демалушыларды тазалықты сақтауға шақырды. Аудандық жастар орталығының директоры М.Сайлыбаев бұл бастаманың өзге де ауыл округтерде жалғасатынын атап өтті.
Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.