Басты бет > Жастар > “Ауылдағы бір күнім” жобасы

“Ауылдағы бір күнім” жобасы

Фото Облыстық Жастар Орталығы.Облыстық “Жастар ресурстық орталығының” бастамасымен Отырар ауданындағы «Алаш» этноауылында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық кодты сақтау және жүзеге асыру мақсатында «Ауылдағы бір күнім» жобасы өтті.
Қала жастарынан құрылған 5 команда ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту, жастардың бойындағы шығармашалық қабілеттері мен өнерге деген құштарлығын арттыру мақсатында өзара сынға түсті.
Алғашқы күні жастар ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып, тарихи орындарын араласа, екінші күні топ-топқа бөлініп, сайысқа түсті.
Жобада ер жігіттер мал сойып, атты ерттеп, отын жарып, самаурын қойып, жүн қырқса, бойжеткендер таба нан пісіру, түйе сауу, күбі пісу, құрт жасау, бауырсақ пісіру секілді сындардан өтті.
Нәтижесінде жастардың бойына әдеп-ғұрып пен салт-дәстүрдің қыр-сырын сіңдіріп, ата-әжелердің үлгісін көріп, батасын алды.

Дәстүрді жаңғырту мақсатында өткен жобамызға қолдау білдірген Отырар ауданының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлына жастардың атынан алғысымызды білдіреміз.
Жобаның теле бағытында түсірілген реалити-шоу нұсқасын жуырда назарларыңызға ұсынамыз.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.