Басты бет > Қоғам > АТА ЗАҢҒА ҚҰРМЕТ ЕЛДІКТІҢ НЕГІЗІ

АТА ЗАҢҒА ҚҰРМЕТ ЕЛДІКТІҢ НЕГІЗІ

14
views

Фото Түркістана Қаласы Әкімі Аппараты.Түркістан қаласының мәдениет үйінде азаттықтың ақ таңына шуақ шашқан Ата Заң ұлықталды. Ресми бөлім және мәдени шарамен ұштасқан жиында көпшілік баянды бақыттың негізі болған конституцияның негіздерін ұғынып қайтты.
Шара барысында жиналған қауымға лебізін арнаған қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаев: «Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құрып отырмыз – деп басталатын Қазақстан Республикасының Конституциясы шын мәнінде еліміздің көркеюінің күре тамыры болып, тәуелсіздіктің негізін қалады», — деп басталатын құттықтау сөзінде игіліктің бастауы Конституция екенін баса айтты.

Фото Түркістана Қаласы Әкімі Аппараты.Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай бірқатар сала қызметкерлері қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Осылайша өрбіген жиында заң саласының құрметті зейнеткері Ә.Әшімбеков салалық заңдардың түпкі төркіні Ата Заң – Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделетінін баяндап, шара қатысушыларына ізгі тілегін жеткізді.
Жиын соңы қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, көпшілікке ән мен жырдан мерекелік шашу шашылды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *