Басты бет > Саясат > Атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін ЖАҢА МОДЕЛЬ бойынша МӘЛІМЕТ

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін ЖАҢА МОДЕЛЬ бойынша МӘЛІМЕТ

Қолданыстағы АӘК Заңы (2019 ж.)
Ескертпе
Жаңа редакцияда (2020 ж.)
Ескертпе
1
Жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдарға (отбасылар) шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.
АӘК алуға 20 789 теңгеден төмен жан басына шаққандағы табысы бар отбасылар құқылы. АӘК 20 789 теңге соммасы мен жан басына шаққандағы табысының айырмасы ретінде тағайындалады, бірақ балалар оның толық сомасын = ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ын (20 789 теңге) алады.

Жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдарға (отбасылар) шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.
АӘК мөлшері бұрынғыдай жан басына шаққандағы орташа табыс пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% арасындағы айырма ретінде барлық отбасы мүшелеріне төленетін болады. Бұл ретте, табысы жоқ отбасылар биылғы жылғы мөлшермен бірдей алатын болады.

2
Әкім учаскелік комиссияның қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысын қоса бере отырып, өтініш берушінің құжаттар топтамасын Орталыққа береді;
Отбасының материалдық жағдайын зерттеу мерзімі үш күн
Учаскелік комиссияның АӘК ұсынудың қажеттілігі жоқ екендігі туралы қорытындысы АӘК тағайындаудан бас тартудағы басты негіздердің бірі болады
Отбасының материалдық жағдайын зерттеу мерзімі жеті күнге дейін артады

Еңбекке жарамды адамдар немесе отбасы мүшелері лайықты жұмыстан не жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларынан бас тартқан жағдайда, еңбек қызметін немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуын дәлелсіз себептермен тоқтатқан кезде әлеуметтік келісімшарт қолданысының қалған кезеңіне 50% көлемінде бір ай ішінде шартты ақшалай көмек мөлшерін азайту туралы электронды шешім жобасын қалыстастырады;
Әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны қайта анықталған кезде отбасыға берілетін шартты ақшалай көмекті тоқтату туралы электрондық шешім жобасын қалыптастырады.
Әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмаған жағдайда жұмысқа жарамды отбасы мүшелеріне бірай ішінде 50 пайызға азайту, ал қайта орындалмаған кезде отбасыға берілетін шартты ақшалай көмекті тоқтату туралы шешім қабылданады.
Отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істеуі керек және отбасы үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Біз ол үшін АӘК шартты ақшалай көмек түрінде көмек көрсетеміз және бірінші кезекте аз қамтылған отбасылардағы жұмыссыз азаматтарға бағытталатын«Еңбек» жұмыспен қамту бағдарламасының потенциалын максимальды қолданамыз.

Отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамту шараларынан бас тартатын болса, онда АӘК тек оған ғана емес, бүкіл отбасыға тоқтатылады. Бала күтімінде отырған аналарға баласы 3 жасқа толғаннан кейін Нәтижелі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға құқылы

Белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек тағайындалады.
Шартты ақшалай көмек – 12 айға, шартсыз ақшалай көмек – 6 айға дейін тағайындалады.
Белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек тағайындалады.
Шартты және шартсыз ақшалай көмектер тоқсан сайын тағайындалатын болады.

Сұрақ-жауап:
АӘК 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалай өзгереді?
Атаулы әлеуметтік көмек 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, отбасында 4 балалары бар отбасыларға-42500;
5 балалары бар отбасыларға-53125;
6 балалары бар отбасыларға-63750;
балалары бар отбасыларға-73375 теңге көмек тағайындалады.
Қазақстандағы әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер: кім алады және қандай мөлшерде?
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.
4 балалары бар отбасыларға-42500;
5 балалары бар отбасыларға-53125;
6 балалары бар отбасыларға-63750;
7 балалары бар отбасыларға-73375 теңге көмек тағайындалатын болады.
Атаулы әлеуметтік көмектің жаңартылған форматына өтініштерді қабылдау қашан басталады? Қай жерге жүгіну қажет?
Жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Егер отбасы ауылдық жерде тұрса – кент, ауыл, ауылдық округтердің әкімдеріне жүгінеді.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қаңдай құжаттар қажет?
Өтініш беру және сәйкестендіру үшін тек жеке куәлікті ұсыну қажет. Бұл ретте, өтініші берушіге сәйкестендіру үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (төлқұжаты), Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ыхтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі), ал оралмандар үшін – оралман куәлігі болуы тиіс.
Жәрдемақыны толық мөлшерде алу үшін құжаттарды айдың басынан беру қажет пе?
Жоқ, міндетті емес. Атаулы әлеуметтік көмек өтініш білдірген айдан бастап тағайындалады және өтініш берген күнге байланысты емес.
Көп балалы отбасыларды қолдау бойынша тағы қандай шаралар бар?
Көп балалы аналарға өз бизнесін ашу үшін жеңілдікпен микро кредит және қайтарымсыз гранттар беріледі.
*Көп балалы отбасыларды шағын және кіші, соның ішінде үйде бизнеске тарту құралдарын ендіру бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізіледі.
– микрокредит мерзімін 7 жылға дейін ұлғайту;
– үстемақының номиналды жарнасын 4%-ға дейін төмендету;
– тұрып жатқан жеріне қарамастан (қала / ауыл) берілетін микрокредит соммасы бойынша шектеулерді алып тастау;
– аз қамтылған және көп балалы отбасыларды жұмыспен қамту бойынша нысаналы индикаторын бекіту (микрокредит, грант беру).
Сонымен қатар, аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін қосымша әлеуметтік кепілдендірілген пакет ендіріледі.

Медиаон ақпарат