Басты бет > Жастар > Астана күні мерекесі қарсаңында «Жеңісім саған, Астана!» тақырыбында көңілді старттар мен эстафеталық ойындар өткізілді

Астана күні мерекесі қарсаңында «Жеңісім саған, Астана!» тақырыбында көңілді старттар мен эстафеталық ойындар өткізілді

Облыстық жастар саясаты басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы және білім басқармасы бірлесе отыра Түлкібас ауданының Машат шатқалындағы “Машат Арасан” сауықтыру лагерінде демалысын өткізіп жатқан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап спортакиада ұйымдастырды

.

Шараның мақсаты: жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, балалрдың патриоттық тәрбиесін күшейту; «Астана күні» мерекесін атап өту; «EXPO 2017» Халықаралық көрмесін насихаттау және жасөспірім балалар арасында құқықбұзушылықтың алдын алып, салауатты өмір салтын насихаттау.

Спортакиадаға қатысушы жастар шағын футбол, шахмат, арқан тарту, дойбы (шашки), қол күресі және «Жеңісім саған, Астана!» тақырыбында көңілді старттар мен эстафеталық ойындардан сайысқа түсті.

 

Үздік ойыншылар мен командалар тиісті дәрежелі диплом және кубоктармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев

 

 

Сағындық Жанысбаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.