Басты бет > Хабар > «Астана» деп аталған жаңа мөлтекаудан тұрғындарына пәтер кілті тапсырылды

«Астана» деп аталған жаңа мөлтекаудан тұрғындарына пәтер кілті тапсырылды

Бүгін Шымкент қаласында «Астананың 20 жылдығына – 20 нысан» акциясы аясында «Астана» шағын ауданы мен«Астана» гүлзары ашылдыСонымен қатароблыстық әкімшілікіскерлік орталығы аумағында орналасқан осы шағынауданнан тұрғындарға жаңа пәтерлердің кілті тапсырылды.Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев көпшілікті осы қуанышты сәтпен құттықтады.

– Шымкент – елімізде Астана мен Алматы қалаларынан кейінгі ең ірі шаһарБүгін қаланы  одан әрі жасылдандырып,көркінарттыру мақсатында «Астана»  халықтың игілігіне пайдалануға беріліп отыр.Өздеріңіз тамашалап отырған гүлзардың орталық алаңында орналасқан шаңырақ бейнесі халқымыздың ұлттық бірлігі мен татулығын меңзеп тұрғандай.Сондай-ақ, бүгін Астананың 20 жылдық мерекесі қарсаңында қала тұрғындарына жаңа пәтер кілтін тапсырғалы тұрмыз. Бұл жетістіктердің барлығына тәуелсіздігіміздің және Елбасымыздың арқасында қол жеткізіп отырмыз. Баршаңызға сәттілік, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Қоныстарыңыз құтты болсын! – деді Жансейіт Қансейітұлы.

  

 «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған бұл үйдің пәтерлері әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен жетімдерге және ұзақ уақыттан бері тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілді. Жалпы, әкімшілік-іскерлік орталығында осы уақытқа дейін 90 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Қазіргі таңда мұнда көпқабатты 27 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Енді бұл мөлтекаудан «Астана» деп аталатын болды.

 

  Ал, аумағы 1 гектарға жуық гүлзарда шынар, каштан, қайың ағаштары мен түрлі гүлдер отырғызылып, орындықтар мен жарықшамдар, балаларға арналған ойын алаңшалары орнатылған. Алдағы уақытта да қаланы абаттандыру бағытында жұмыстар жалғасын табады.

 Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.