Басты бет > Мәдениет > Астананың ерекше сәулеті бейнеленген кілемдер көрмесі өтті

Астананың ерекше сәулеті бейнеленген кілемдер көрмесі өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында Астананың 20 жылдық мерекесіне орай кілемдер көрмесі ұйымдастырылды. «Астана –Тәуелсіздіктің жемісі» атты салтанатты ісшарада «Бал Текстиль» ЖШСгі елорданың 20жылдығына орай бас қаланың ең ерекше тұстары мен әсем ғимараттары бейнеленген кілемдерін ел назарына ұсынды.Отандық өнімдер қойылған көрмеге облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып,жиналғандарды мерекемен құттықтады.

Көрмеге қойылған кілемдердің бірқатарында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленсе,қалғандарында Астана қаласындағы келбеті келіскен АқордаБайтерекХан ШатырҮкімет үйі,орталық мешіт секілді ғимараттар көрініс тапқанКәсіпорын басшылығы арнайы дайындалған 20кілемді жасап шығуға бір апта уақыт жұмсағанын айтады.

Айта кетейікбүгінде «БалТекстиль» ЖШСгі еліміздің тоқыма өнеркәсібін өркендетіп отырған кәсіпорынҚазіргі таңда мұнда 2 мыңға жуық кілем түрлері шығаралады. Жалпы аумағы 6 гектарды алып жатқан фабрика жылына 5 млн. шаршы метр кілем шығаруға қауқарлы. 2013 жылы іске қосылған кәсіпорын бүгінге дейін 9 млн. шаршы метр кілем шығарып, 6 млн шаршы метр пропилендік жіп өндірген.

Сондай-ақ, шара барысында өңіріміздің суретшілері де Тәуелсіздікке деген құрметін фотокөрме арқылы білдірді. Елбасы мен елордадағы көз тартар көркем ғимараттардың фотосуреттері бейнеленген өнер иелерінің туындылары көптің көңілінен шықты.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.