Басты бет > Мәдениет > АСТАНАДА «КИЕЛІ ОТЫРАРДЫҢ ҚАСИЕТТІ МҰРАЛАРЫ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

АСТАНАДА «КИЕЛІ ОТЫРАРДЫҢ ҚАСИЕТТІ МҰРАЛАРЫ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

35
views

Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» РМҚК мен «Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ «Киелі Отырардың қасиетті мұралары» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.
Қазақ баласының қайсыбірі үшін де тарихи маңызы зор құндылықтарға бай көрмені ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Уәлиев Қуатжан Серікқазыұлы және экс-сенатор Айтаханов Қуаныш Айтаханұлы  ашып берді.

Көрмеде Отырардан шыққан ғұлама, ойшыл Әбу Нәсір әл-Фараби мұралары, Фарабидің араб тілінде жарық көрген шығармалары, «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы туралы» трактаты, «Аспан әлемі туралы ілім», «Музыканың ұлы кітабы» атты трактаттары мен ғұлама жерленген Сириядан әкелінген заттай жәдігерлері, сондай-ақ, Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы һәм тәлімгері, ислам дінінің уағыздаушысы Арыстанбаб әулиеге және әулие басына тұрғызылған кесенеге қатысты төл жазбалар мен деректер,
өткен ғасырдың 30-шы жылдарына дейін болған мұсылман кітапханасының жұрнақтары саналатын қолжазбалар мен кітаптар, Арыстанбабтың ұрпақтары және кесенені тұрғызушы Ұста Халмырза Мүсәпірұлына жайлы жәдігерлер қамтылған.
Астана қаласының қонақтары мен тұрғындары тарихи танымға толы көрмені  2018 жылдың 30-сәуіріне дейін тамашалай алады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *