Басты бет > Саясат > Арыстың ЖҮРЕГІ жайында…

Арыстың ЖҮРЕГІ жайында…

Рухани жаңғыру жайында ақпарат таратып жатқан Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі “Медиа ON” ақпараттық агенттігінің фейсбук әлеуметтік желісінен шығарып тастады. Ашықтылықты жақтырмағаны ма? Мәліметтер тізбесінен біз жариялаған мақаланы да өшіріп тастап, бір жолата достықтарынан алған көрінеді. Себебі біздің портал ҚАДЫРБЕК МҰРАТ БОЛАТҰЛЫ​на ерекше өтінішпен шыққан болатын. Өтінішіміз мынадай болатын: Тұп-тура Арыс қаласының ортасында тұрған ЖАН  АРЫС мүсінін қалыпқа келтіруін сұрағанбыз, Арыс қаласының тұрғындарының өтініштері негізінде! Желі қолданушылары Арыс қаласының әкіміне біздің портал арқылы тіке сұрақтарын жолдаған болатын. Ал әкімдік тарапы бұл мәселеге байланысты ешқандайда жауап қайтармады. Қаріптің кейпін көрсеңіздер, күлетіндеріңіз анық! Желімделген жүректі көріп, шыныменде Арыстың жүрегі жаралы ма? деген ойға қаласыз! Түсінгеніміз Халықтың өтініштері негізінде жариялаған мақалаларымыз шыңбайларына батқанға ұқсайды! Медиаон ашықтылық пен қарапайымдылықты жақсы көреді. Өз оқырмандарына сапалы мақалалар мен материалдар ұсынатынын сіздерге тәрпіштеп түсіндірудің де қажеті жоқ деп санаймыз! Егерде осы мәселеге байланысты Арыс қаласы әкімдігі қандай да бір мағлұмат бергісі келсе, мархабат! Сіздердің осы мақалаға қатысты пікірлеріңіз порталымызға жарияланады! Назарыңыз біздің ақпараттық агенттікте болсын! Ең бастысы Арыстың жүрегі жазылсын! Тура мағынасында: Қала орталығындағы қаріптің ортасында тұрған ЖҮРЕК жөнделсін!!! Марқұм Сейіт Ертай мырзаның көзіне айналған бұл жүректің хәл-жайын көріп, біздің де жүрегіміз қынжылып отыр.

Мақалаға қосымша: 06.06.2017 жылы жарияланған Арыстың жүрегі жаралы ма? мақаласын назарларыңызға ұсынамыз!

Арыстың жүрегі жаралы ма?

Медиаон ақпарат

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.