Басты бет > Білім > Арыста жаңа екі балабақша ашылды

Арыста жаңа екі балабақша ашылды

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, бүлдіршіндерге арналып Арыс қаласында 100 орындық «Оразалы ата» және Байырқұм ауылдық округінде 75 орындық жекеменшік мемлекеттік әріптестік аясында «Самұрық» балабақшалары пайдалануға берілді.

Ашылу салтанатында сөз алған қала басшысы Мұрат Болатұлы барша тұрғындарды мерекемен құттықтап, бала тәрбиесі – ел өмірінде ең маңызды орын алатынын атап өтті.

«Болашағынан үміт күттірер бүлдіршіндеріміздің алтын ұясының ашылу құрметіне қатысып отырған баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық бақыт, баянды ғұмыр, қажымас қайрат,  күш қуат, ырыс – несібе, молшылық тілеймін» – деп ыстық лебізін білдірді.

Тәуелсіз еліміздің үкілеген үміті-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік-білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие-адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы саналып қана қоймай, әрі жан-жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын саналады.

Осыған сәйкес, Мемлекет басшысы еліміздің ең кішкентай азаматтарына жасаған айрықша қамқорлығы «Балапан» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту болып саналады.                                                 

Аталған бағдарлама аясында қалада бүгінгі таңда 46 мектепке дейінгі ұйым жұмыс атқарып келеді. Онда 3850 бала тәрбиеленуде, яғни 80,1 пайызды құрап отыр, соның ішінде мемлекеттік жекеменшік әріптестікті дамыту мақсатында Арыста 23 жекеменшік балабақша, 10 мемлекеттік,  13 мектеп жанынан ашылған балабақша жұмыс жасауда.

Медиаон ақпарат

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.