Басты бет > Мәдениет > Арнайы репортаж: Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы жылының салтанатты жабылуы

Арнайы репортаж: Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы жылының салтанатты жабылуы

ТҮРКСОЙ Мәдениет министрлерінің 35 Тұрақты Кеңесі отырысының және “Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы” жылының салтанатты жабылуы.

Түркістан қаласында ХҚТУ – болып өтті. Кеңеске ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш қатысты. Сондай-ақ кеңеске Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Сұлтанбек Жұмағұлов пен ТҮРКСОЙ мүше елдердің мәдениет министрліктерінің өкілдері, мәдениет қайраткерлері арнайы шақырылды. Жиында сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев түркі мәдениетін әлемге танытатын халықаралық деңгейдегі тұрақты кеңестің маңыздылығына тоқталды.

“Түркі тілдес мемлекеттердің басын біріктіретін ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы аясындағы кеңесте айтылатын пікірлер мен ұсыныстар ортақ құндылықтарымызды ұлықтауға бағытталатыны сөзсіз. Осы ретте түпкі мақсаты Түркі дүниесі халықтарының ортақ өткені мен тарихының, тілі мен әдебиетінің, мәдениеті мен өнерінің дәріптелуін көздеген басқосуымыздың болашақ ұрпаққа мұра болатынына кәміл сенемін”,- деді облыс әкімі. Кеңеске ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш қатысты. Сондай-ақ кеңеске Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Сұлтанбек Жұмағұлов пен ТҮРКСОЙ мүше елдердің мәдениет министрліктерінің өкілдері, мәдениет қайраткерлері арнайы шақырылды.

Өңір басшысының кезекті сапары Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы бойындағы “Рәміздер алаңы” – ның ашылу рәсіміне қатысты. Нысан құрлысы 2017 жылдың маусым айында басталған болып, облыстық бюджеттен 226, 302 млн. теңге бөлінген. Жалпы биіктігі 62, 5 метрді құрайтын жалау орнатылған, сонымен қатар түрлі кіші архитектуралық формалар мен су бұрқағы , газондар мен гүл клумбалары, декоративті ағаштар орнатылған

 

БибіАйша Нұржанқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.