Басты бет > Қоғам > Анасы Мен Қызын Табыстырған Әлеуметтік Желі!

Анасы Мен Қызын Табыстырған Әлеуметтік Желі!

Жаным ауырып отыр …. Дәл осы суреттегі қызды мен 35 жыл бұрын көріп , танысып едім . Бұл менің Гүльxан құрбымның сыныптас , жан құрбысы болатын . Тағдырының ауырын-ай! Бойжеткен шағында аяғы ауыр болып , әке -шеше , ауыл әңгімесіне , аға жеңгенің ызғарлы мінездеріне төтеп бере алмай , бір күнде жоқ болды . Қыздан тірідей айырылған ата анасы ұзамай көз жұмды ….. Құрбым екеуміз біраз іздеп көрдік , таппадық . Енді сол кезде туылып, жетімдер үйінде қалған қыз , адресі жазылған қағазды бойтұмар етіп , бойжетіп анасын ауылына Сауранға іздеп келіпті ….. Достарым көмек берейікші ! Жақсылыққа сеп болайықшы . Осы күнге дейін xабар ,xат болмаған ! Қалғаны мына фотода жазылған . Репост !!!!
Біз осы жазбаны бас редакторымыз М Абдалиеваның парақшасынан бөліскен 1000 тарта достарға өз ризашылығымызды білдіреміз . 300 ге тарта өкініш білдірген , тіпті ренжіген пікірлер болды ,дегенмен көпшілігіміз тілекші болдық . Көп тілегі көл ! Алмагүл Пернешқызы Алматы қаласынан табылды , көп жайтты айтуға əсірелеуге құқымыз жоқ … бірақ осынша жылдар жүрегінде сағыныш етіп сақтаған Гауһар қыз «гауһарлығын» танытты . Қуанышты сәтті көз ілмей күтуде екенін жеткізді , ол күн Алла қаласа дүйсенбі күні орын алады ! Фейсбук əлеміндегі өздеріңізге үлкен рақметімізді айтамыз ! Тағдыр айырған Алма мен Гауһар табысты !
Мүмкіндік болып жатса, анасы мен қызының қауышқан сәтін де жариялау ойымызда бар.
Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.