Басты бет > Білім > Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жобасы аясында «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың республикалық дебаттық турнирі өтті

Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жобасы аясында «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың республикалық дебаттық турнирі өтті

Бүгін Шымкент қаласы, М.О.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті базасында ( 25-26 ақпан күндері) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минмстрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы БҒМ-нің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында «Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебат турнир өтті.

Жобаның мақсаты: балаларды толеранттылыққа тәрбиелеу және әр түрлі халықтардың мәдени дәстүрлерін зерделеу арқылы рухани-адамгершілігін дамыту; жалпы тарих, қазақтардың және барлық этностардың бір-біріне және қазақтарға алғысы, қайырымдылығы, достығы мен махаббатының негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту.

Қатысушылар саны: 119 оқушы. Актөбе, Алматы, Ақмола, Атырау, Павлодар, СҚО, БҚО, ШҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 17 команда қатысты. Әр командада 6 оқушы, бір жетекші.

Медиаон ақпарат