Басты бет > Мәдениет > Алғаш рет “ТҮРКСОЙ”  халық аспаптар оркестрі Жапонияда өнер көрсетуде.

Алғаш рет “ТҮРКСОЙ”  халық аспаптар оркестрі Жапонияда өнер көрсетуде.

Биыл «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымы  25 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған орай түркі әлемінің көптеген елдерінде әйгілі суретшілер мен ғалымдардың қатысуымен түрлі халықаралық іс-шараларды ұйымдастырған ТҮРКСОЙ ұйымы 2019 жыл Жапониядағы Түркия жылына орай  түркі халықтары
оркестрінің концерттік бағдарламасын беруде.

Осы орайда, Түркия Республикасы Ыстамбұл қаласынан бастау алған шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан, Якутия, Тыва, Қырғызстан, Башқұртстан, Малдова мемлекеттерінің өнерпаздары қатысып, өнер көрсетсе, олардың қатарында Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әртістері,  республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті «Елбасы қоры» сыйлығының иегері «Қазына» би ансамблі де бар.
Түркітілдес  10 мемлекеттің би ұжымдарына Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Қазына» би ансамблінің жетекшісі Әжібекова Зәуре Бекембайқызы жетекшілік жасауда.
12 мемлекеттен жиналған 50-ден аса өнерпаз
түркі халықтары биі мен түркі халықтарының халық аспаптарында Жапонияның Токио,
Иокогама, Кавасаки,  Хамамацу қалалары мен Мэгуро ауданында  өнер көрсетіп, шеберлік сабақтарын да ұйымдастыруда.

ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Жапониядағы өнер сапары 24 қараша күні қорытындыланады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.