Басты бет > Хабар > Алматыда Героин табылды…

Алматыда Героин табылды…

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296 бабының 4 бөлігімен сотқа берілген А.-ға қатысты  іс қаралған болатын.

26 желтоқсан 2018 жылы сағат 22:40 шамасында  А. Алматы қаласы есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ДП жедел-іздестіру іс – шараларының аясында  ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталған, сонымен қатар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты санкциялаған қылмыстық қудалау органының қаулысы негізінде 26.12.2018 ж. оған жеке тінту жұмыстары жүргізіліп, нәтижиесінде полиэтилен орамасында қоңыр түсті ұнтақ түрінде зат табылып, алынды және сарапшының қорытындысына сәйкес есірткі құралы – героин болып табылған, оның жалпы салмағы 106,04 гр., бұл өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтаған аса ірі мөлшерге жататынын ескерсек, қылмыстық іске қатысты барлық фактілер тәркіленіп алынған.

Сот үкімімен А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296 бабының 4 бөлігінде көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған  3 жыл 6  ай мерзімге мүлкін тәркілеусіз бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің  қауіпсіздігі барынша жоғарғы   мекемесінде өтеу белгіленді. ​Үкім заңды күшіне енді.

С.Жанысбаев

Медиаон ақпарат

Фото: Хабар 24