Басты бет > Саясат > Алмасбек Кеңесбекұлы: Егер нәтиже ойыңыздағыдай болмаса, демек мүмкіндігіңіз толық пайдаланылмаған.

Алмасбек Кеңесбекұлы: Егер нәтиже ойыңыздағыдай болмаса, демек мүмкіндігіңіз толық пайдаланылмаған.

Фото Ордабасы аудандық әкімдігі. Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге орай, алдымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Сихымбаева сөз алып, аудан бюджетінің атқарылуын кеңінен талдады. Сонымен қатар, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ф.Тәшімова, жергілікті полиция қызметінің басшысы Н.Мұратов, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Асанбаев 6 айда атқарылған жұмыс барысы туралы есепті баяндама жасады. 

Фото Ордабасы аудандық әкімдігі.


Фото Ордабасы аудандық әкімдігі.Аудан басшысы А.Мамытбеков көрсеткіштері кенжелеген бөлім басшыларының уәжінен соң, басқа ауданда мүмкін болған көрсеткіштің Ордабасыда да орындалуға мүмкіндігі барын айтып өтті.
– Егер нәтиже ойыңыздағыдай болмаса, демек мүмкіндігіңіз толық пайдаланылмаған. Жүктелген міндетті орындауда жұмысты дұрыс ұйымдастыру маңызды, – деді Алмасбек Кеңесбекұлы өз сөзінде. Сонымен қатар, бір бөлімнің қателігі бүкіл ауданның көрсеткішіне кері әсерін тигізетінін ұмытпауды ескертті.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімдігінің қаулысы қабылданды.

Медиаон ақпарат

Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі көмегімен

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.