Басты бет > Саясат > АЛИ БЕКТАЕВ: ҚАЗАҚ ҚАШАНДА БІРТҰТАС ҰЛТ БОЛҒАН

АЛИ БЕКТАЕВ: ҚАЗАҚ ҚАШАНДА БІРТҰТАС ҰЛТ БОЛҒАН

Фото Мақтарала Ауданы Әкімдігі.Мақтарал ауданына іс-сапармен ҚР Парламенті сенатының депутаты Али Бектаев келді. Тұрғындармен кездесу жиынына аудан әкімі Ғ.Исмалов, ауылдық округтің әкімдері мен бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, мектеп директорлары мен мәдениет саласының мамандары, БАҚ өкілдері қатысты.

Фото Мақтарала Ауданы Әкімдігі.

Мінберге шыққан депутат биылғы тарихи оқиғалар жайлы сөз қозғады. Мемлекеттің даму бағытын айқындаған Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауынан бастап, ондағы әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру мәселелеріне тоқталды. Жаһанның ең озық технологияларын елімізге ендіру арқылы цифрлы Қазақстан құру мәселелері төңірегінде жасалынып жатқан жұмыстар жайлы айтып өткен депутат дәл осы Жолдауға байланысты Парламентте 84 заң жобасы қаралғанын атап өтті. “Қазақстан – мұхитқа шыға алмайтын мемлекет. Біз ірі магистралді жолдар салу арқылы ғана шетелдермен байланысымызды, сауда-саттығымызды нығайта аламыз. Сондықан, “Нұрлы жол” бағдарламасы жұмысын тоқтатпайды” – деді А.Бектаев.

Депутат “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты Президентіміздің мақаласына мақтаралдықтардың айрықша назарын аудартып, мақаладағы басты 3 мәселе жайлы айтып өтті. Ұлттық код, ұлттық сана, отбасылық құндылық мәселелерін көтерген А.Бектаев қазақ қашанда біртұтас ұлт болғанын, Қазақстаннан табылған 4 мың жыл бұрынғы сүйек дәл қазіргі қазақтардың генетикалық кодына 100% ұқсағанын деректермен келтірді. Сондай-ақ, бүгінгі таңда жастарға білім беру ісінде әлемдегі ең мықты тәжірибелер қолданылып жатқанын, жаһанның озық технологияларын ең бірінші болып пайдалану үшін де әрбір қазақ ағылшын тілін білу керектігін айтты. Жаһандану жүріп жатқан бүгінгі дәуірде, әсіресе, қазақтың отбасылық құндылықтарын сақтап қалу қажеттілігіне тоқталған депутат: “Қазақ қашанда ата-анасын құрметтеген, қызын сыйлап төрге отырғызатын халық болған. Жетімін жылатпаған, үлкенді сыйлап, кішіні ізеттеген. Осыдан он шақты жыл бұрын қарттар үйінде, балалар үйінде қаракөздерімізді көрмейтін едік. Ал, бүгін қалтасы қалың болса да ата-анасын қарттар үйіне сүйрейтін азаматтар көбейіп кетті” – дейді және осындай рухани құлдырауларға тосқауыл қою үшін дер кезінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар” мақаласы өмірге келгенін еске салды.

Жиынның соңында ауданның тұрғындары депутатқа елдің болашағы жайлы көптеген сұрақтар қойып, жауаптар алды. Тұрғындар айтқан кейбір мәселелерді Парламентте көтеретіндігін айтқан депутат бұдан кейін де Мақтарал ауданына бірнеше рет келетінін жеткізді. Аудан әкімі Ғ.Исмаилов депутатқа өз алғысын білдіріп, депутаттармен әрқашан бірлесе жұмыс істеуге дайын екендігін айтып, жиынды қорытындылады.

 Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.