Басты бет > Хабар > «Алаштың арманы болған – Ақ Ордасы» байқауының үздік жас ақындары анықталды

«Алаштың арманы болған – Ақ Ордасы» байқауының үздік жас ақындары анықталды

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай өңіріміздегі ақын, жазушылар арасында «Алаштың арманы болған – Ақ Ордасы» атты байқау өтті.

Байқаудың мақсаты: жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар рухына, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеп, жастардың патриоттық рухын ояту, бірлік пен ынтымақты сақтау, ұлы бабаларымыздың асқақ арманы болған- тәуелсіздік, басты байлығымыз екенін ұғындыру, Қазақстан мен қазақ халқын оның мәдениеті мен Астанасын және салтын насихаттау.

Байқаудың талаптары бойынша қатысушы ақындар 2 тақырыпта: «Алаштың арманы болған–Ақ Ордасы» және қатысушының қалауы бойынша кез-келген еркін тақырыпта өз шығармасын алдын-ала жолдады.

Байқауға 14-29 жас аралығындағы облысымыздың дарынды, талантты жас ақындары қатысты.

Байқаудың үздік ақын-жазушыларының өлеңдері мен шығармалары жинақ болып жарияланды.

Аталмыш байқауда ең үздік деп танылған 15 ақын екі тақырыпта өз туындыларын көрерменге ұсынып, байқау жеңімпаздарына арнайы диплом, статуэтка, қаржылай сыйлық және байқау қатысушыларының үздік шығармалары топтамасы жазылған жинақ кітапшасы сыйға берілді.

Байқау нәтижесінде жас ақындар арасынан үздік деп танылып, бас жүлдеге – Айнабеков Ерболат, 1 орын – Арқалық Әмәлият, 2 орын – Абылай Құлтай, 3 орын – Мұқағали Кенжетайұлы марапатталды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.