Басты бет > Хабар > Азаматтық құқық бойынша жауаптылық

Азаматтық құқық бойынша жауаптылық

Жауапкершілік барлық құқық катьшастарына тән нөрсе. Азаматтық-құкықтық қатынастардың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік женіндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақ та бұл арада айгылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына да қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз, заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетгі бұзатын азаматтық құкық қатынасының субъектісіне қодданылатын мүлікті өңдіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай уәкілетгі тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады. Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен, азаматтық-құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтудың, да, осы мақсаттың аддын алудың да тәрбиелік маңызы айырықша. Азаматтық құкықкатынасының субъектілері болып табылатын тараптар өздеріне жүктелген міңдеттерді орындамауы қоғамдық катынастарды бұзьш, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын былай қойғанда, егер, әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтык-кұқықтық жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Сондыктан да, борышқор өзі істеуге міндетті нәрсені орьшдамағанда ғана емес, оны орындаудан өз бетімен бас тартқан кез-де де оған жауапкершілік бәрібір мойындатылады. Азаматтық құқыктың қосымша мүлікті өндіртіп алу тәрізді өзіне төн жауапкершіліктің қасиеті болмаса, несие беруші міңдетгемесін орындаудан жалтарған борышқорға жазалау шарасын колдана алмайды және оның іс-әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай түседі.

Медиаон ақпарат