Басты бет > Хабар > Азаматтық құқықты қорғаудың кең мағынасы

Азаматтық құқықты қорғаудың кең мағынасы

Жоғарыда айтылған құқықтық қорғаудың кең мағынасың меншiк құқығың қорғаудың (және басқа да заттық құқықтың) арнайы құрал жүйесiнен айыра бiлу керек. Мұндай арнайы қорғану құқық бұзушылықтың сипатына байланысты келедi. Меншiктiң абсолюттi құқығы немесе басқа да заттық құқығы (мысалы,мүлiктi алып қою) ретiнде тiкелей құқық бұзушылық кезiнде заттық-құқықтық сипаты бар құралдары оны қорғауға кiрiседi. Құқық бұзушы мен өкiлеттi тұлға арасында мiндеттемелiк қатынас болған ретте (мысалы, жалға алушы шартта көрсетiлген мерзiмде затты меншiк иесiне қайтаруға тиiс боса) мiндеттемелiк құқықтың қорғау құралдары қолданылады. Мiндеттемелiк-құқық құралы талап қоюға тән нәрсе, ол бiрден меншiк құқығың көрiне бермейдi, азаматтық құқығың басқа институттарына негiзделедi, яғни ақыр аяғында қорғайды. Ал меншiк құқығын қорғауға тiкелей бағытталуымен сипатталуы және қандай да бiр нақты мiндеттемемен байланысты болмайды. ҚР заңдары жәбiрленушiнiң құқық бұзушыға қарсы талап қою түрiн тандау мүмкiндiгiн (айтылық, шарттық немесе заттық-құқықтық) бермейдi, бұл орайда шетелдердегi “талап қою бәсекесi” деп аталатын жағдайлары қолдамайды. Азаматтық құқық институттардың әр түрiнен туындайтын не заттық-құқықтық, не мiндеттемелiкке жатпайтын ерекше қорғау тобы белгiленген. Мысалы, хабар-ошарсыз кеттi деп танылған немесе өлдi деп жарияланған адамдардың меншiкке мүлiкке құқықтарын қорғау (АК-тiң 29,32-баптары), кепiл ұстаушының жауапкершiлiгi туралы және т.б. болып табылады.

Медиаон ақпарат