Басты бет > Қоғам > Азаматтық құқықтың әдістемесі дегеніміз не?

Азаматтық құқықтың әдістемесі дегеніміз не?

Құқықтың әрбір негізгі саласының өзіне тән құқықтық реттеу әдістемесі болады. Ал оның жеке қырлары субъектілердің құқықтық мәртебесінде (статусында), құқық қатынастарын қалыптастыру негіздерінде, олардың мазмұнын айқындау әдістерінде және заң санкцияларында топтастырыла көрсетілген. Мүліктік және мүліктік емес қатынастардың азаматтық – құқықтық реттеу әдістемесі бірқатар өзіндік белгілерге ие: а) азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың жалпы құқықтық жағдайы олардың тауар-ақша және басқа қатынастарына негізделген заңды түрдегі теңдігімен сипатталады. (АК-тің 1 және 2-бабы,1-тармағы). К. Маркс «Капиталда» былай деп жазды : «Бұл заттар бір-біріне тауар ретінде қатысуы үшін тауар иелері бір-біріне адам ретінде, бұл заттарды еркімен билейтін адам ретінде, қатысуға тиіс:сонымен, бір тауар иесі тек екіншінің еркі бойынша,демек олардың әрқайсысы екеуіне ортақ ерікті акт арқылы, өз тауарын басқаға бере отырып, өзге тауарды өзі иемденеді. Демек олар бірін бірі жекеменшікші деп білуге тиіс. Азаматтық –құқықтық қатынастарға қатысушылардың заң жүзіндегі теңдігіне келсек, олардың азаматтық айналымда тең құқықты, тәуелсіз субъектілер екендігін көреміз, әрі оның әрқайсысы мүліктік оқшаулыққа ие болады, сондай-ақ бір-бірімен қарым-қатынаста тең дәрежеде әрекет етеді. Бұл азаматтық құқық субъектілерінің бірде-бірі азаматтық құқық қатынасында екінші жаққа бір жақты міндет жүктеуіне болмайды деген сөз. Сонымен қатар құқықтық қатынастағы жақтардың араларында дау туындаған жағдайда, екінші жақ үшін міндетті болып табылатын шешімді қабылдай алмайды;

Медиаон ақпарат