Басты бет > Хабар > Азаматтық құқықтық қатынастар

Азаматтық құқықтық қатынастар

Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы катынастар азаматтық қүкык катынастары деп аталады. Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарына араласьш жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің зан жөніндегі сипатын көбінесе ескере бсрмейді. Мысалы, кайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында Азаматтык кодексте көрсетілген сату-сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі күқыктык катынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада акша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты са-тып алушының меншігіне беруге, немесе затыңда сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны баска затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған акшасын кайтарып беруге міндетгі және т.с.с. Занды тұлғалардың барлык істері де нақ жаңағыдай азаматтық қүқықтық- катынасы ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдыктарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арңылы есеп айыру – осылардың бөрі де кұкыктык катынасты тудырады, яғни осылардын бәрінің де заң аркылы белгілі салдары болады. Құкык катынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен құрамдас элементтерін айқындап алуымыз кажет. Әрбір кұкық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтык күкык қатынастарынын субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік-аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.

Медиаон ақпарат