Басты бет > Қоғам > Азаматтық құқықтардың мүліктік қатынастарға байланысы

Азаматтық құқықтардың мүліктік қатынастарға байланысы

Қазақстан Республикасы азаматтық заңдары мүліктік емес қатынастардың екі түрін, атап айтқанда,мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар (АК-тің 1-бабы, 1-тармағы) мен мүліктік қатынастарға байланысы жоқмүліктік емес жеке қатынастарды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы) реттейді. Мүліктік емес жеке қатынастардың бірінші тобына мүліктік қатынаспен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастар жатады. Бұл жердегі «байланыстылық» деген сөз жеке қатынастардың мүлікке бағыныштылығын көрсетпейді, қайта қоғамдық қатынастардың біртұтас бірлікте болуын айқындайды (мәселен, авторлық, өнертабыс және т. б. қатынастар). Мысалы,бір ұйымның басқа бір заңды тұлғаның тауарлық белгісін заңсыз қолданса онда ол әлгі тұлғаға зиянын тигізеді. Мүліктік емес қатынастан келіп мәселен, шығарманың авторы үшін мүліктік қатынастың мүліктілігі пайда болады. Сондықтан мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық құқық нормаларымен реттеледі. Мүлік қатынасына байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың екінші түрі мүліктік қатынасқа қарағанда өзге фактілерге орай және басқа субъектілер арасында да туындайды. Ол жеке адамдар мен ұйымдарға ғана тән әрі олардан ажырамайтын игілік болып табылады, сондай-ақ онда мүлік мазмұны болмайды, ақшамен де бағалауға келмейді. Мүліктік емес жеке қатынас Қазақстан Республикасы Конституциясымен реттеледі.Конституцияның II тарауы адам мен азаматтың ажырамайтын құқықтарына арналған. Сонымен азаматтық құқықтың реттеу пәніне мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың мейлінше кең ауқымы енеді. Қорыта айтқанда, азаматтық құқықты реттеудің пәні, осындай.Енді әдістеме жөніндегі мәселеге тоқталайық.

Медиаон ақпарат