Басты бет > Жастар > Азаматтық қоғам құру бастамаларына серпін берген – Елбасы!

Азаматтық қоғам құру бастамаларына серпін берген – Елбасы!

Біз «Нұр-Сұлтан» қаласын қолдаймыз!
Азаматтық қоғамның дамуы қандай мемлекетте болмасын маңызды. Азаматтық қоғам дамыған елдерде адамдар мемлекеттің бар екендігін шамалы ғана сезінеді және олар өз мемлекетінен көмекті өте сирек сұрайды. Еліміздің Тұңғыш Президенті осы бағытта үлкен еңбек сіңірді.
Тәуелсіз жас мемлекет құру ісіндегі, сондай-ақ интеграциялық үдерістерді жандандырудағы, мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту мен дамытудағы Қазақстанның жарқын жетістіктері, оның Көшбасшысының орасан зор еңбегінің жемісі екенін халықаралық ұйымдар ерекше атап өтеді. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында Азаматтық қоғам құрудың маңыздылығын назардан тыс қалдырмаған Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанда Үшінші сектордың жоғары дәрежеде дамып, жүйелі жұмыс істеуіне Үкіметтен бастап, барлық ведомстволар мен жергілікті атқарушы органдар қолдау көрсетуі керектігін талап етті. Нәтижесінде, көптеген салаларда ерекше жобалар іске асып, жаңа шағын кәсіпорындар, мекеме, ұйымдар құрылды. Әлеуметтің әлеуетін арттыратын жұмыстар жасалуда.
Ана мен бала денсаулығын нығайтуға, отбасы құндылықтарын насихаттап, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, ұрпақтар сабақтастығын арттырып, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыздың сақталуына атсалысатын ұйымдар, ұлтаралық келісімді нығайтып, көпұлтты Отанымыздың жан-жақты дамуына еңбек сіңіріп жүрген этномәдени орталықтар бүгінде ауқымын кеңейтіп, тындырымды тірлік жасауда.
Жеке кәсіпкерліктің дамуы оған жағдай жасау, қоғамдық ұйымдардың белсенділігінің артуы, оның дамуына жағдай туғызу, міне, осының бәрі сол жұмыстардың айғағы. «Ұлт жоспары 100 қадам» мемлекеттік реттеушіліктің рөлін ең аз мөлшерге, минимумға дейін жеткізуді мақсат ететін маңызды құжат. Құқықтық тәртіпті күзету, қылмыспен күрес, нөлдік төзімділік, жеке және ұжымдық меншік, олардың өз құқықтары,еркіндігі,белсендігі, іскерлігіне кедергі келтірмейтін нормативтік жағдайлар жасалды. Жастардың заманауи технологияларды меңгеріп, құқықтық, экономикалық сауаттылығын арттыруға бағытталған арнайы мектептер, еріктілер тобы әлемдік, халықаралық, республикалық деңгейдегі шараларға қатысып, қоғам белсенділерінің қатарын толықтырып келеді.
Шымкент қаласының қоғам белсенділері, Үкіметтік емес ұйымдары Елбасының еңбегіне риясыз Алғысын білдіре отырып, бас қаланың «Нұр-Сұлтан» аталуын бірауыздан қолдайды!
Елбасына деген құрметпен, Шымкент қаласының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері.