Басты бет > Қоғам > Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарын, қарапайым тұрғын қалай ажырата алады?

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарын, қарапайым тұрғын қалай ажырата алады?

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының объектісін 2 түрге бөліп қарастыруға болады: жалпы және ар-найы. Жалпы объект – сотпен қаралып, шешілуге немесе қорғалуға жататын материалдық-құқықтық дау немесе заңмен қорғалатын мүдде. Арнайы объект – нақты,

белгілі құқық қатынасын жүзеге асыруда жасалатын қорытынды (мысалы, сот пен сарапшы арасында азаматтың іс жүргізу құқық қатынасының объектісі болып осы сарапшының өзінің арнайы білімі негізінде іс үшін мәні бар фактілер туралы қорытындысы). Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастың мазмұны – азаматтық процестегі субъектілерінің іс жүргізу қүқықтары мен міндеттері, ал кейбір процессуалистердің пікірінше (А.А.Мельников) субъектілердің мінез- құлқы, яғни өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудағы әрекеттері. Азаматтық іс жүргізу қатынастарынын, субъектілері азаматтар мен заңды тұлғалар бола алады. Соның қатарына азаматтық іс жүргізу қатынастарына шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар қатыса алады. Процеске қатысушылардың бәрін, олардың іске қатынастығына орай, белгіленген топтарға бөлінеді: сот, іске қатысушылар және сот төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер. Сот азаматтық іс жүргізу қатынасының міндетті субъектісі ретінде қаралады. Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді қарайтын, соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады. Соттар қайсы біреулердің еркіне қарамастан тек Конститутция мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысаңында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды және негізделген шешім шығарады. Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтың және шаруашылық істер жөніндегі шешімдерімен кінәлі тараптарды (талап қоюы немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп-шотынан талап қоюшылық пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіруге мәжбүрлейді. Істі сот отырыстарында қарау мен шешу ҚР Конституцияның 77-бабында жөне ҚР Азаматтың іс жүргізу кодексінің жалпы бөлімінің 2-тарауында аталған принциптерге негізделеді.

Медиаон ақпарат