Басты бет > Қоғам > Азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтары

Азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтары

Декларация бостандық пен теңдік, кемсітушілікке жол бермеу, тұлғаның ар-намысын құрметтеу қағидаттарын бекітуден басталады. Бірінші баптардан бастап: өмір сүру құқығы, бостандық құқығы, жеке адамның дербес құқығы, тұлғаның өмірінің қорғалуын жариялап, адам құқықтарының заңды кепілдігі, әділеттіліктің ресімдік кепілдігі, тұлғаны қинап, аяусыз қарауға тыйым салынады. Жоғарыда айтылған құқықтар дербес құқықтар мен бостандықтардың тобын құрайды.Тұрғын орынды таңдау және көшіп-қону құқығы, ар бостандығы, ой мен көзқарас бостандығы, мемлекеттік билік органдарына сайлану және сайлау құқығы, азаматтық құқық Жалпыға бірдей декларацияның 6, 13-21-баптарында азаматтық және саяси бостандықтарын құрайды. Әлеуметтік-экономикалық құқықтарға Жалпыға бірдей декларация мынадай құқықтарды жатқызады: еңбек құқығы, жұмыссыздықтан қорғалу құқығы, еңбек үшін әділ ақы төлеу құқығы, демалыс алу және демалу құқығы, білім алу құқығы, әлеуметтік қамтамасыз етілу құқығы. Бұл құқықтар декла­рацияның 22, 28-баптарында көрсетілген. Жалпыға бірдей декларацияны қабылдау халықаралық қатнастардың жаңа бір кезеңі болды. Жалпыға бірдей декларация БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары ретінде қабылданды, сондықтан БҰҰ жарғысына сәйкес кепілдемелі түрде жазылған. Бірақ оның ережелеріне баға беруде, халықаралық құқықта келісімдермен бірге заң шығару процесінде, мемлекеттердің халық­аралық практикасында дәстүрдің пайда болуы, кейіннен міндетті нормаға айналатынын ескеру керек. Осыған ұқсас, қазіргі кезде Жалпыға бірдей декларацияда көрсетілген құқықтар мен бостандықтар, заңды міндетті немесе келісімді нормалар ретінде қарастырылады.

Медиаон ақпарат