Басты бет > Хабар > Адам құқықтары мен нәсілдік, ұлттық, діни және тілдес  азшылықты қорғау

Адам құқықтары мен нәсілдік, ұлттық, діни және тілдес  азшылықты қорғау

ЭКОСОС немесе адам құқықтары жөніндегі комиссияның кез келген басқа да жұмыстарын атқару. Шағын комиссияның құрамына 26 сарапшы кіреді. Шағын комиссия жылына бір рет сессия өткізеді. Оның басқа жоғарыда айтылған адам құқықтары туралы БҰҰ институттарынан негізгі айырмашылығы, ол өз үкіметінің атынан жұмыс істемей, комиссия мүшелері өз беттерінше бөлек жұмыс істейді. Әйелдердің әл-ауқаты жөніндегі комиссия 1946 ж. құрылды. Комиссияның қызметі қоғамның барлық салаларындағы әйелдердің құқығы қорғалуының жүзеге асырылуы жөнінде ЭКОСОС-қа баяндама мен ұсыныс дайындау болып табылады. Комиссия мүшелерін (ЭКОСОС) Кеңес 4 жылға сайлайды, олар үкіметтің сарапшылары болып келеді. Комиссияның қамқорлығымен Әйелдердің құқықтарына байланысты көптеген конвенциялар мен декларациялар зерттеліп дайындалды. Мысалы, 1952 ж. Бас Ассамблея Әйелдердің саяси құқықтары туралы конвенция қабылдады, 1957 ж. Күйеуге тиген әйелдердің азаматтығы туралы конвенция, 1967 ж. Әйелдер жөніндегі кемсітушілікті жою, Әйелдер мен ерлердің заң алдындағы құқықтарының теңдігі және балалар жөніндегі құқық пен міндеттердің теңдігі туралы декларация. Адам құқықтары туралы жоғарғы комиссар, Адам құықтары туралы Жоғарғы комиссар басқармасы 7.01.94 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен құрылған болатын. Жоғарғы комиссар БҰҰ Бас хатшысының басқаруындағы, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі істерді қадағалайтын лауазымды тұлға болып келеді.

Медиаон ақпарат