Басты бет > Хабар > Адам құқықтарының Казақстанда іске асырылуы

Адам құқықтарының Казақстанда іске асырылуы

Адам құқықтары туралы билль, мемлекеттердің адам құқықтары жөніндегі прогресін өлшейтін эталон ретінде мойындалды. Адам құқықтары туралы билльдің ережелері көптеген мемлекеттердің конституциясына, олардың ішінде Қазақстанның конституциясына да енді. 1997 ж. 31мамырда Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактіні 133 мемлекет, ал Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Пактіні 136 мемлекет бекітті. Қазақстан Республикасы қазіргі кезде адам құқық­тары туралы билль құжаттарына кіру туралы мәселені қарастырып жатыр. Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын жүйенің орнатылуы Адам құқықтарын қамтамасыз ету және қорғауды заңды жариялау – азаматтық қоғамға жол салған қоғамның және мемлекеттің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл проблеманың түрлі аспектілері Қазақстанда түрліше шешіледі. Казақстан Республикасы адам мен азаматтың кәдімгі құқықтары мен конституциялық құқықтарын белгілеуде алға жылжыды. Казақстан Республикасы Конституциясының Жалпыға бірдей адам құқықтары туралы декларацияны қайталайтынын айту жеткілікті. Сонымен катар, ағымды заңдарда да адам құқықтары туралы императивті ережелер бар. Барлық мемлекеттік органдардың ішінде, адам құқықтарын қорғауға сот жүйесі және құқық қорғау органдары бейімделген. Бірақ адамдарды кұқықтармен қамтамасыз ету және қорғау міндеті, құқық қорғау органдарымен жеткілікті мөлшерде орындалмайды. Адам құқықтарының Казақстанда іске асырылуына Казақстан Республикасы Президентінің қарамағындағы адам кұқықтарының Комиссиясы көмектеседі. Бұл комиссия мәртебесі жағынан мемлекет басшысының қарамағындағы консультативті кеңесші орган болып табылады. Комиссия жұмысының үйлестірілуі Казақстан Республикасының мемлекеттіккеңесшісіне берілген. Комиссия Кдзақстан Республикасы Президенте, оның адам құқықтары мен бостандықтарын кепілдікпен камтамасыз етуге байланыстыконституциялык міндетін орындауға көмектесуі керек, сонымен Қатар ол адам кұқықтары мен бостандықтарын камтамасыз етужәнеқорғау тетіктерін жандандыруға күш салысуы керек.

Медиаон ақпарат