Басты бет > Хабар > Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы дегеніміз не? Қазақстандағы орны

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы дегеніміз не? Қазақстандағы орны

Жалпыға бірдей декларацияны қабылдағаннан кейін, Бас Ассамблея Адам құқықтары комиссиясына адам құқықтары туралы екі пакт дайындауды ұсынды. Бұл мемлекеттер құқықтары кешендернiң заңды міндеттемелігінің әр қалай түсінуіне байланысты болды. Мысалы, АҚШ және БҰҰ мүшелігіндегі кейбір мемлекеттер азаматтық және сая­си құқықтардың барлық мемлекеттермен жедел және міндетті түрде орындалуын, ал әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтардың стандарт ретінде қойылып, оларға жету үшін Экономикалық дамуына байланысты әрқашан тырысу керек деп түсінді. Бұндай түсінік ол кезде басым болды. Соған байланысты Бас Ассамблея 1966 ж. 16 желтоқсанда екі келісім қабылдады — Азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт және экономикалық, әлеу­меттік, мәдени құқықтар туралы пакт. Одан кейін бұл пактілердің күшіне енуі үшін 35 мемлекет саны жиналып, бекіткенше 10 жыл өтті. Пактілерде көрсетілген қүқықтардың жиынтығын түрлі талқылауға қарамастан, халықаралық келісімдердің кіріспесінде азаматтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық құқық­тардың бір-бірімен тығыз байланысты екені жазылған. Пактілерде мәселелердің негізіне байланысты бірнеше жалпы ережелер көрсетілген. Осылайша екі пактінің 1.1-баптарында “әр халықтың өзін-өзі анықтау құқығы бар” деп жазылған. Екі құжаттың да 1.2-баптарында “әр халықтың өз табиғи ресурстарын еркін пайдалану құқығы бар екені көрсетіледі. Екі құжатта да адамдарды нәсілі жағынан, жынысына немесе тіліне, терісінің түсіне байланысты, саяси, идеологиялық, діни себебімен, шығу тегіне, туылуына, мүліктік жағдайына байланысты кемсітушілікке жол берілмейді.

Медиаон ақпарат