Басты бет > Хабар > Адам құқығы ең басты құқық!

Адам құқығы ең басты құқық!

Егер салыстыру үшін түрлі шетелдік мемлекеттердің конституциясын алсақ, онда  салыстырмалы- құқықтың талдау мақсатында еуропалық конституциялардың ерекше қасиетін еңбектің жеке жəне қоғамдық құқытарының басымдығы жататынын іскерген жөн. Құқықтық əдебиетте жеке жəне қоғамдық құқықтарды көп жағдайда «бірінші жəне екінші ұрпақ» құқықтары деп аталады. Жоғарыда аталғандай, бірінші ұрпақ құқықтарының түбірі. Ағарту дəуірінен жəне француз жəне американ конституциясы идеяларының туындау кезінен байқала бастады. Еуропалық конституциялардың поляк жақтаушысы Ханна Сухоцка өз еңбегінде қазіргі заманғы орталық жəне шығыс Еуропадағы адам құқықтары түсінігінің таралуына байланысты былай жазды: «Посткоммунистік дəуір барлық елдердің басты ерекшелігіне конституция бостандығы мен адами мəртебесіне көп мəн берілген. Аталған елдер адамдық мəртебесі қажеттілігі басқа түрлі конституцияларға қарағанда жақсырақ сипатталған. Адамдық мəртебе есеп нүктесі болып табылады, ол арқылы тұлғаның құқықтары мен бостандықтары анықталады. Адамдық мəртебеге ұқсас қатынас жауап болып табылады, бұл елдердегі тəртіп Копенгаг құжатына (1990) мəн берілген «адами құндылық – жоғары құндылық». Тұлға қалыптасуы мен қоғамның толыққанды мүшесі болуы үшін оның еңбек қызметі саласында өз- өзін жүзеге асыру мүмкіндігі болу керектігі белгілі. Сондықтан адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары тұлға ретінде қалыптасуы, оның материалдық меншігінің қамтамасыз етілуі, экономикалық тəуелсіздік пен əлеуметтік бостандық саласында қажетті жəне алғашқы анықтама болып табылады. Осылайша Қазақстан Республикасы Конституциясы адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау үшін кең жол ашады, сондықтан азаматтар Конституция нормасына сүйене отырып, өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы керек.

Медиаон ақпарат