Басты бет > Хабар > Адамның құқығы ең бірінші орында!

Адамның құқығы ең бірінші орында!

10 желтоқсан 1984 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясының 39/46 резолюциясын қосылу туралы Азаптау және өзге де қатыгез, адамгершіліксіз немесе абыройын кемсітетін қарым қатынас пен жазаға қарсы Конвенцияның 2 бабында қарастырылғандай, ешқандай да ерекше жағдайлар соғыс жағдайы немесе соғыс қаупі жағдайы, ішкі саяси тұрақсыздық немесе өзге де төтенше жағдай азаптауға негіз бола алмайды. Жоғарғы тұрған бастықтың немесе мемлекеттік биліктің бұйрығы азаптауға негіз бола алмайды. Осыған ұқсас ережелер 16 желтоқсан 1966 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясымен бекітілген Азаматтық және өзге де саяси құқықтар туралы халықаралық пактде қарастырылған, 9 желтоқсан 1988 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясымен бекітілген қандай да нысанда болмасын ұстаған немесе қамауға алынатын барлық тұлғаларды қорғау қағидаларының жиынында қарастырылған. Аумақтық халықаралық стандарттар азаптау мен қатал қарауға тыйым салуды қарастырады. Мысалы, азаптау мен абыройды кемсітетін қарау немесе жазалауды алдын алу бойынша Еуропалық Конвенциясы. 1950 жылдың 4 қарашада Еуропа Кеңесінің мүшелері – мемлекеттермен Римде қол қойылған адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенциясының 3 бабында азаптау мен адамгершілік-сіз немесе абыройды кемсітетін қарау мен жазалауға тыйым салу туралы ереже анықталды. Құқықтық тәртіпті қолдау бойынша ешқандай лауазымды тұлға азаптау мен адамгершіліксіз немесе абыройды кемсітетін қарау мен жазалаудың басқа қатал түрлерін көрсететін кез келген әрекетке айдап салу немесе төзерлікпен қарауға, жүзеге асыруға құқығы жоқ. Құқықтық тәртіпті қолдау бойынша ешқандай лауазымды тұлға жоғары тұрған тұлғалардың бұйрығына немесе соғыс жағдайы немесе соғыс қаупі, ұлттық қауіпсіздік қаупі, ішкі саяси тұрақсыздық немесе кез келген басқа айрықша жағдайларға, төтенше жағдайға сылтау жасай алмайды. Құқықтық тәртіпті қолдау бойынша лауазымды тұлғалардың мінез-құлық Кодексі құқықтық тәртіпті қолдау бойынша лауазымды тұлғалар өздерін міндеттерін орындауда адам абыройын құрметтеу мен қорғауға, барлық тұлғаларға қатысты адамның құқықтарын қолдау мен қорғауға тікелей міндетті. 1985 жылдан бастап Еуропада Сотталғандармен қарым қатынастың минималды стандартты ережелері қолданылады, олар кейін Еуропалық пенитенциарлық ережелердегі мәселелердің спектрін кеңейту үшін заманауи тенденцияларға сәйкес қайта қаралды. Еуропалық пенитенциарлық ережелерінің жаңа басылымында Адам құқықтары туралы жалпы Декларациясының негізіндегі моральдық кодекс пен идеологияға негізделген негізгі қағидаларға маңызды мағына беріледі.

Медиаон ақпарат